Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамға биімдеу қылмысты азайтады

Қоғамға биімдеу қылмысты азайтады

Қазақ халқының тарихы өте бай. Біздің көненің көзіндей боп сақталған салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, рухани құндылықтарымыз болып табылады. Осы тұста Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы келешек ұрпақты таңғажайып тарихымызды тануға үндейді.
Соның ішінде жаңа латын әріпіне көшу жаңғырудың қайнары. Әліпби арқылы ұлттық сана күшейеді. Әлемде болып жатқан жаңалықтар осы жазу арқылы қабылданады. Сондай-ақ, бұл әліпби қазақ тілінің төл табиғатын сақтауға мүмкіндік береді. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Латын қарпіне көшу - олардың білім және ғылым жолындағы ізденістеріне жол ашады. Бұл – Қазақстан үшін дамыған отыз елдің қатарына қосылу бағытындағы игі қадам.
Арал аудандық пробация қызметі бойынша тіркеуде тұрған азаматтарға рухани тәрбие беру және төл тарихымызды таныстыру мақсатында түрлі мәдени танымдық шаралар, спорттық жарыстар өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, ауған соғысы ардагерлермен кездесу кешін, кіші футбол, баскетбол, және ұлттық спорт түрлері бойынша асық ату, ләңгі тебу, батпан көтеру, білек күші сынды жарыстар өткізілді. Сондай-ақ, қолөнер және қылқалам шеберлерінің де байқаулары тұрақты өткізіліп келеді.
Аталған шаралар өмірдің сүрлеу соқпағына тап болып, қылмысты болған жандардың қоғамдық ортаға биімделіп, жаңа өмір бастауына жол ашып, шығармашылық қабілетін, танымдық ой-өрісін дамытуға септігін тигізуде. Тиісінде бұл дәйекті шаралар қылмыс сапасын да біршама азайтып отыр.
Е.Жарасов,
Арал аудандық ПҚ-ның
инспекторы
әділет аға лейтенанты.
23 қараша 2018 ж. 950 0