Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа әліпби жаңа жетістіктерге жетелейді

Жаңа әліпби жаңа жетістіктерге жетелейді

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында білім мәселесін бір сәтке де назардан тыс қалдырған емес. Себебі, тәуелсіздіктің мәңгілік болуының басты кепілі білімде, білімді жастарда. Ұлттың дамуына келер күні елеулі үлесін қосып, әлем елдері сахнасында қазақ атын танытатын да бүгінгі жастар.
Келешекті көрегендікпен болжай білген ұлт көшбасшысы жастардың білім деңгейін көтеру мақсатында қолдау жолында мемлекеттік бағдарламалар жасап, соның аясында көптеген жұмыстар атқарылуда. Дамыған елдермен тәжірибе алмасып, әлемнің маңдайын алды білім ордаларындағы білім беру ісін меңгеру үшін «Болашақ» бағдарламасы жасалғаны баршамызға аян. Сонымен қатар бұл бағдарлама жастарымыздың өзге де шет тілін үйренуіне барынша мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында білім алып, қазақ елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген жастарымыздың жұмыс нәтижесіне де көзіміз жетіп, көңіліміз толып отыр.
Осыны негізге ала отырып, жаратылыстану бағытындағы пәндерді шет тілінде оқытуды қолға алған қазақ қоғамы үшін латын әліпбиіне көшу де үлкен жаңалық болды.
Бұл біздің ел үшін кездейсоқ келген дүние емес. Сараланып қабылданған шешім. Елбасымыз латын қаріпіне көшу жайын Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында "Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес" деген болатын.
Латын әліпбиі – болашаққа бастар алтын қақпа десек артық айтқандық болмас. Қазақ әдебиетін, мәдениетін, тілін кеңінен нәсихаттау үшін алар орыны зор.
Өткенімізді тек өзіміз ғана біліп қоймай, барша әлем танысын дейміз. Әлемге қазақ елін танытатын білімді ұрпақ дайындауға біз қашан да дайынбыз.
А. Құлмырзаева,
№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты.
23 ақпан 2018 ж. 1 805 0