Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Латын әліпбиі-құндылығымыз

Латын әліпбиі-құндылығымыз

    Қазіргі таңда өзекті, әрі үлкен талқылау, талдауда жүрген мәселенің бірі-латын әліпбиіне көшу. Латын әліпбиіне көшу-Елбасының аса құнды бастамаларының бірі және тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам. Сан түрлі пікірлер, ұсыныстар айтылды. Әліпбиді қолдануда ел үшін тиімді тұстарына жете көңіл бөлінді. Көптен күткен сәт те келіп жетті, Елбасы латын әрпіне көшу туралы Жарлыққа қол қойды.
   Латын әліпбиі қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «...Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Расында да, үлкен бастаманың оңтайлы шешілуіне ел болып бірауыздан қолдау көрсетсек, нұр үстіне нұр болмақ.
   Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына және жаһанданудың жаңа игіліктерін игеруімізге жол ашарына көптің сенімі мол.
Индира Баймағанбетова,            
№260 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.  
16 қаңтар 2018 ж. 1 398 0