2025 жылдың соңына дейін қанша күн демаламыз?
Қазан айында елімізде Республика күні аталып өтті. Отандастарымыз мерекеге орай 25, 26 және 27 қазан (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) күндері демалды.
Енді жыл соңына дейін қандай мерекелік демалыстар болатынын есептеп көрейік.
Қараша
Қарашада қосымша демалыс күндері болмайды. Демалыстар тек сенбі және жексенбі күндеріне түседі.
Желтоқсан
Желтоқсанда ел тұрғындары 16 желтоқсанда – Тәуелсіздік күніне байланысты 1 күн демалады. Ал 30 және 31 желтоқсан (сейсенбі және сәрсенбі) жұмыс күндері болып есептеледі, сондықтан жаңа жыл алдындағы дайындықтар жұмыспен қатар жүреді.
Фото: ашық дереккөзден алынды











