Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әжелерге қандай әдеттер пайдалы? Дәрігер кеңес берді

Әжелерге қандай әдеттер пайдалы? Дәрігер кеңес берді

Эндокринолог, диетолог Мария Стельмах әжелерге пайдалы болатын әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Ең алдымен, дәрігер тамақты тойып жемеу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол күнделікті тағам рационына көкөністер, түрлі ботқалар, ашытылған сүт өнімдерін қосып, ал фастфудтан бас тарту керегін айтты.
    "Әжелеріміз сорпаны дайын емес, жаңа піскен көкөністерден қайнататын. Бұл зат алмасуды жақсартуға көмектесетін. Маусымдық өнімдер дәруменге бай, инсулинге төзімділіктің алдын алады", – деді Стельмах.

Эндокринологтың айтуынша, табиғи тамақты жеу қабыну деңгейін төмендетеді, ал жыл бойы маусымдық жеміс-көкөніс жеу зат алмасуды реттейтін қалқанша без гормондарының деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Дәріге бұрынғы буын күніне көп қимылдайтынын еске салды: олар қолмен кір жуып, бақшада жұмыс істеп, көп жүретін. Стельмахтың түсіндіруінше, дене белсенділігі ағзаға өте пайдалы, себебі ол эндорфиннің (қуаныш гормоны) бөлінуін арттырып, кортизолды (стресс гормоны) азайтады.

massaget.kz​​​
09 қараша 2025 ж. 75 0