Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы сорпаны атады

Дәрігер егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы сорпаны атады

Егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы ашытылған қырыққабаттан дайындалған "Щи" сорпасы. Бұл туралы диетолог Марият Мухина "Москва 24-ке" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай тағам асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады, сонымен қатар денені темірмен қанықтыруға көмектеседі.

"Егде жастағы адамдарда ферменттік жүйе жиі нашарлап, шырышты қабық тегіс бола түседі. Асқазан сөлі аз синтезделеді. Ашытылған қырыққабаттың қышқылдығы ферменттік жүйелерді күшейтіп, тағамды қорытуға көмектесетін қосымша қышқыл тудырады", - деп түсіндірді медицина ғылымдарының докторы.

Ашытылған қырыққабат(квашеная капуста) - бұл құрамында көптеген пайдалы зат бар ашытылған өнім. Пайдалы заттардың кейбіреуі термиялық өңдеуден кейін де сақталады.

"Ашытылған қырыққабат сорпасында темір, С дәрумені мен кальций бар. Кальций сүйекті нығайтады. Темір гемоглобинді бірқалыпта ұстау үшін қажет, ал С дәрумені бұл микроэлементті сіңіруге көмектеседі. Ал ашытылған қырыққабат сорпасында ет бар болса, онда темір әлдеқайда көп болады", - деді Марият Мухина.

Сарапшы ашытылған қырыққабаттың пектині мен талшықтары токсиндерді байланыстырып, ағзадан зиянды заттарды кетіруге көмектесетін энтеросорбенттің бір түрі екенін айтты.
13 қазан 2023 ж. 266 0