Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы кептірілген жемістер түрін атады

Дәрігер егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы кептірілген жемістер түрін атады

Диетолог Елена Соломатина егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы кептрірілген жеміс түрлерін атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Москва 24" арнасына сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, егде жастағылар үшін ең жақсы кептірілген жеміс өрік болып табылады.

"Бета-каротин көру қабілетінің қалыпты жұмыс істеуі, жаңа тіндердің өсуі үшін қажет. Ол иммундық жүйе, тері және шырышты қабаттардың жаңартады", - деп түсіндірді диетолог.

Дәрігер кептірілген өрік құрамында денеден артық сұйықтықты кетіретін, жүрек бұлшықетін нығайтатын калий көп екенін атап өтті.

"Калий барлық қарт адамдар үшін өте қажет. Өйткені жүрек жасы ұлғайған сайын әлсірейді. Ол сонымен қатар қан қысымын төмендетеді", - деді Соломатина.

Сондай-ақ кептірілген өрік ішек жұмысын жақсартатын талшықтың жақсы көзі болып табылады.

"Көптеген адамдар жасына қарай талшықпен қоректенбейді. Талшық - бұл қалыпты тағамдық жүйе және пайдалы микробиомаға арналған тағам. Ол жақсы ас қорыту үшін қажет. Ішек саулығы, иммундық және жүйке жүйелеріміз, мұның бәрі біздің метаболикалық процестеріміз", - деп түйіндеді сарапшы.
12 наурыз 2023 ж. 379 0