Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Арал ауданында Қызылорда облысына қарасты азаматтық қорғау қызметтері техникаларының саптық қарауы өткізілді.
20 қараша, сағат 16:30-да «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Арал ауданының тұсынан өтетін «КАZ-06» «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» тас жолының бойында орналасқан «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалы №49 жол пайдалану учаскесінің ауласында облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің техникаларының саптық қарауы өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев және Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Б.Әбдіқадыров арнайы қатысып, азаматтық қорғау саласының қыс мезгіліндегі ауданның күрт континенттік климатына, қыстағы боран, үскірік, қатты аяз, қарлы жаңбыр секілді табиғи құбылыстардың жиі болуы, техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудығы күштік және техникалық құрылымын бақылады.

Онда сала мекемелері техникаларының жай-күйі, сапасы, жарамдылығы сыннан өтті, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексерілді. Жалпы, мұнда облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің 185 адамы мен 46 техникасы қамтылды.
21 қараша 2025 ж. 78 0