«ҚЫС–2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 20-21 қараша аралығында Арал қаласында өткізілетін «Қыс - 2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыруға арналған арнайы жиын өтті.«Қыс - 2025» оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, биылғы оқу-жаттығудың өткізу орны ретінде Арал қаласы белгіленген болатын. Себебі ауданның күрт континенттік климаты, қыста боран, үскірік, қатты аяз, қарлы жаңбыр секілді табиғи құбылыстардың жиі болуы техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупін арттырады.
Аудан аумағында алғаш рет өткізілгелі отырған облыстық деңгейдегі бұл оқу-жаттығуға дайындық барысы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Сыдықов хабарлама жасады.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы оқу-жаттығудың маңыздылығына тоқталып, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын жан-жақты пысықтап, әр мекеме басшысына өз бағыты бойынша нақты жоспар құрып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді тапсырды.
Жиында аудан басшысы тарапынан оқу-жаттығу кезеңінде орындалатын нұсқаулықтарды қатаң сақтау, кезекшілік қызметтерін күшейту, қажетті техника мен құрал-жабдықтарды әзірлеу, халықты ақпараттандыру жұмыстарын пысықтау керектігі жауаптыларға жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі










