АУДАНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жиында аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанқожа Құдайбергенұлы аудандағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы хабарлама жасады.
Аудан әкімі жылу маусымына аудандағы әлеуметтік нысандардың әлі толық дайын емес екенін назарға алып, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды жүктеді. Сонымен қатар аудан бойынша білім, денсаулық, мәдениет және спорт сынды маңызды салалар бойынша әлеуметтік насандардың қазіргі жай-күйі, алдағы жылу маусымына дайындық барысы арнайы слайд арқылы көрсетіліп, кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға ескерту жасалды.
Жиын барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жеке тұрғын үйлер мен көгілдір отын көзіне қосылмаған түрлі әлеуметтік нысандардың қатты отынға қол жеткізуін және аудан бойынша көмір қорын жасақтап, жеткілікті мөлшерде қамту мәселесін назарға алуды жауапты тұлғаларға жүктеді.
Сондай-ақ маңызды әлеуметтік нысандардың ішкі жылу жүйесі мен бу қазандығының қазіргі жай-күйіне толықтай зерделеу жұмыстарын ұдайы жүргізіп, анықталған ақауларды қайта қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.
Жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталған жиында осы және өзге де мәселелер назардан тыс қалмай, аудан әкімі тарапынан дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктелді.