Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды

Жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Жиынға аудан әкімі, комиссия төрағасы Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселе – жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады.
Комиссия отырысында алдымен аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қ.Үмбетов денсаулық сақтау саласы бойынша жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Мұнан соң мәдениет саласы бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов, спорт саласы бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов және білім беру саласы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Досов әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына әзірлігі туралы хабарлады.
Маңызды деген әлеуметтік салалардың жылу беру маусымына дайындық барысын тыңдаған аудан әкімі сөзден іске келгенде нәтиженің басқалай болатынын айтып, жауапты сала басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне кемшіліктерді қазірден бастап қалыпқа келтіру керектігін атап өтті.
Жиын барысында аудан бойынша әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымы мен жаңа оқу жылының әзірлігіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесін арнайы слайд арқылы көрсетіп, жол берілген кемшіліктер бойынша жауапты бөлім басшылары мен мекеме директорларына тиісті ескертулер жасалды. Қысқа мерзім ішінде сыннан нәтиже шығарып, көрсетілген кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды аудан әкмі.
Жиын соңында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілері және коммуналдық мекемелер мен кәсіпорын басшыларына жылу беру маусымына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеп, барлық кемшіліктер бойынша нақты нәтижелер күтілетіндігін жеткізді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
21 тамыз 2024 ж. 149 0