Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық жұмысының барысы талқыланды

Жылу беру маусымына дайындық жұмысының барысы талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтановтың төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде штаб отырысы өтті.

Жиында өткен жылдың қорытындысымен, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары өткен қыс мезгілінде жол қатынасы біршама қиындық туғызғандығына тоқталып, алдағы жылу маусымына барлық әлеуметтік нысандар дайын болуы қажеттігін айтты. Ол үшін әзірлік жұмыстарын пысықтап, даярлықты қамтамасыз етуді назарға салды.

Күн тәртібіндегі мәселе жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Тасқынбаев Амантай хабарлама жасады.

Штаб отырысының қорытындысымен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне және коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына қажетті отын қорын жасақтауды, аудан орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарды көгілдір отынға ауыстыру жұмыстарын жеделдетіп, облыстық салалық басқарламалармен тиісті жұмыстарды жүргізуді, өткен қыс мезгілінде Арал қаласындағы тұрғын үйлердегі су қату фактілері бойынша нақты шаралар қабылдап, барлық су құбыры желілерін қысқы маусымға әзірлігін пысықтау жүктелді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі 

20 шілде 2022 ж. 356 0