Жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е. Нақыловтың хабарламасы тыңдалды.Аудан бойынша қатты отынға қажеттілік 11,9 мың тоннаны құраса, сұйық отын қажеттілігі 3108 мың тонна болып отыр. Көмір тасымалдайтын 3 оператор қызмет көрсететін болады.
Бұдан бөлек, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына дизель отынының қажеттілігі, газдандырылған елді мекендердегі ғимараттарды көгілдір отынға қосу, жаңадан салынған, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді құжаттандыру жұмыстарын жедел әрі тиянақты түрде аяқтау жөнінде тапсырма берілді.
Штаб отырысының қорытындысымен жылу беру маусымына дайындық жұмыстары мен оның тұрақты өтуі бойынша бірінші басшыларының жауаптылықта болатындықтары қатаң ескеріліп,қажетті отын қорын жасақтауды ағымдағы жылдың қазан айын дейін толық аяқтау тапсырылды. Мұнымен қоса жауапты бөлім және мекеме басшыларына жеке әлеуметтік нысандардың көгілдір отынға қосылуына қатысты жүйелі шаралар қабылдау, аудан көлеміндегі су айдау стансаларын резервті энергия көзімен қамтамасыз ету және барлық су құбыры желілерін қысқы маусымға әзірлігін пысықтау, тұрғындарды тұрақты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
Арал ауданы әкімінің баспсөз қызметі