ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары, қала әкімі, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері онлайн форматта қатысты.
Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – 2025–2026 жылдардың қыс-көктем мезгілдерінде мол суды қауіпсіз өткізу және су тасқынының алдын алу шаралары туралы болды. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Д. Ниязымбетов хабарлама жасады.
Қыс-көктем айларында Сырдария өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі елді мекендерді су басу, жол қатынасы мен шаруашылық нысандарына зиян келтіру қаупін тудырады. Осыған байланысты жыл сайын тасқынның алдын алу мақсатында өзен жағалауындағы қорғаныс бөгеттерінде қажетті инженерлік және ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру – негізгі басымдықтардың бірі.
Аудан әкімі аталмыш мәселені ерекше назарға алып, дария бойы мен каналдар маңындағы негізгі қатынас жолдарының ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларды тұрақты бақылауда ұстауды жауапты тұлғаларға тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – қыс мезгілінде облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстары туралы болды. Бұл бағытта аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құдайберген баяндама жасады.
Аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы баяндама барысында айтылған мәселелерге тоқталып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Қыс мезгіліне дайындықты қазірден бастап пысықтау қажеттігін атап өтті. Әсіресе жолаушылар қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, төтенше жағдай орын алған жағдайда коммуналдық қызметтердің дер кезінде әрекет етуін қадағалау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.