Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде комиссия отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Аудан әкімі С. Сермағамбетовтің төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде өзекті деген үш мәселе қаралды.

Аудан басшысы алдымен Сырдария өзенінің арнасына келіп түсетін мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында қорғаныс бөгеттерін күшейтіп, дайындық жұмыстарын пысықтау қажеттігін айтып өтті.
Одан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданда материалдық қорларды жасақтау және Сексеуіл кентіндегі «Құмсай» су қоймасының қазіргі жағдайы туралы аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Нақылов Ержан хабарлама жасады.
Баяндамашыдан соң аудан әкімі жауапты орынбасарына Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындықты және су басу қаупі бар елді мекендегі тұрғындарға учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды, дария бойына тәуліктік кезекшілік бекітуді тапсырды. Мұнымен бірге жауапты мамандарға «Құмсай» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге, ықтимал су тасқыны кезіндегі қажетті материалдық қорларды қалыптастыруға қажетті қаржы бөлу, аудан көлемінде қалыптасқан барлық материалдық қорлардың тізбесін әзірлеу, төтенше жағдайларға арналған жанар-жағармай қорының мақсатты, әрі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес игерілуіне қатаң бақылау орнату жүктелді.

Комиссия отырысында талқыланған екінші мәселе Аманөткел ауылдық округіндегі «Қулы» каналын бөгеу жұмыстары туралы ауылдық округ әкімі Қ. Әбдіраманов баяндады.
Комиссия төрағасы Қамыстыбас көлдер жүйесі арнасына толып, «Қулы» каналының су деңгейі өз мөлшеріне жеткен уақытта, бөгеу жұмыстарын жүргізу үшін күнделікті бақылау орнату, қажетті техникалардың тәулік бойы әзірлікте болуын үйлестіру жөнінде аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы мен Аманөткел ауылдық округі әкіміне тапсырма берді.

Мұнан кейін қуаңшылықтың алдын алу шаралары және алдағы міндеттер туралы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов өз баяндамасында тоқталып өтті.
Хабарламашыдан кейін аудан әкімінің жауапты орынбасарына Сырдария өзені арқылы келетін мол суды тиімді пайдалану мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру бағытында тиісті шаралар қабылдау, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына аудан көлемінде қайта қазуды қажет ететін 11 су ұңғымасына қажетті қаржы көлемін нақтылауды, қала, кент және ауылдық округ әкімдері және ауыл шаруашылығы бөлімі бірлесіп, елді мекен аумағында орналасқан иесіз су ұңғымаларына қайта зерттеу жүргізіп, анықталған жағдайда заңдылығына сәйкес құжаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру жүктелді.

Комиссия отырысында қаралған мәселелердің өзектілігне сәйкес әрбір тапсырманың тыңғылықты әрі мерзімінде іске асырылуын қатаң тапсырды.
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы 

30 наурыз 2022 ж. 421 0