Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨРСЕТКІШТЕР САРАЛАНЫП, КЕМШІЛІКТЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

КӨРСЕТКІШТЕР САРАЛАНЫП, КЕМШІЛІКТЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралды.
Мәжіліс барысында Үкімет отырысында қаралған геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мен цифрландыру шаралары, сондай-ақ халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Аудан әкімі бірқатар көрсеткіштерге тоқталып, кемшіліктерді жою және жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына ерекше назар аудару керектігін айтқан аудан басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Жиын барысында Аманжол Сақыпұлы аудан көлемінде атқарылатын өзге де маңызды шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін айтып, жоспарлы жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауда ұстау керектігін атап өтті. Сонымен қатар, тазалық мәселесін назардан тыс қалдырмай, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюдың маңыздылығына тоқталды.

Жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты міндеттер жүктелген жиын соңында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы берілген тапсырмалардың орындалуы ұдайы бақылауда болатынын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
11 қараша 2025 ж. 215 0