Ардагерлерге үйден медициналық кеңестер берілді
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Аудандық диагностика» бастауыш партия ұйымы аудан аумағындағы бірқатар ардагерлерге үй жағдайында медициналық кеңес беру шарасын ұйымдастырды.Іс-шара барысында медицина қызметкерлері ардагерлердің денсаулық жағдайымен танысып, қан қысымын өлшеу, жалпы медициналық тексеру жүргізу, сондай-ақ күнделікті күтім мен аурулардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, созылмалы аурулардың алдын алу, дәрі-дәрмектерді қабылдау тәртібі және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Ардагерлер тарапынан көрсетілген медициналық және әлеуметтік қолдауға оң пікір білдіріліп, аталған шараның маңыздылығы атап өтілді.
Шара барысында «Аудандық диагностика» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мира Асылбекқызы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ардагерлердің денсаулығын қорғау мен оларға жан-жақты қолдау көрсету партиялық жобалардың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
"Толқын" ақпарат











