Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты отбасы: Отбасы құндылықтары жөнінде тәрбие сағаты өткізілді

Бақытты отбасы: Отбасы құндылықтары жөнінде тәрбие сағаты өткізілді

“Орталық” бастауыш партия ұйымы “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікке бағытталған маңызды шара – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыбында дөңгелек үстел форматында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, отбасы құндылықтары жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру, отбасындағы сыйластық, жауапкершілік, мейірім мен сенім ұғымдарын жасөспірімдердің санасына сіңіру, сондай-ақ баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы ата-ананың рөлін кеңінен ашу болды.

Шара барысында ұйымдастырушылар отбасы – қоғамның тірегі, ал ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынас бақытты болашақтың негізі екенін атап өтті. Қатысушыларға отбасы ішіндегі өзара түсіністік, ашық әңгіме, бір-біріне қолдау көрсету, баланың пікірін тыңдау секілді құндылықтар туралы кеңінен түсіндірілді.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар белсенділік танытып, өз отбасыларындағы қарым-қатынас, ата-анамен арадағы байланыс, күнделікті өмірде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары жөнінде ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылып, балалар өз көзқарастарын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

"Толқын" ақпарат
05 қаңтар 2026 ж. 315 0