Ардагерлерге үйден медициналық кеңестер берілді
“Ардагерлерді Ардақтайық” партиялық жобасы аясында “Аудандық диагностика” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ардагерлерге бағытталған игі іс жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде медицина саласының білікті мамандары ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, олардың денсаулық жағдайын бақылап, кешенді медициналық кеңестер берді.Шара барысында ардагерлердің қан қысымы, қан құрамының негізгі көрсеткіштері өлшеніп, созылмалы ауруларына байланысты дәрігерлік ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдау, дұрыс тамақтану, күнделікті қозғалыс пен салауатты өмір салтын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қажет болған жағдайда мамандар ардагерлерді қосымша медициналық тексеруден өтуге бағыттады.
Медицина қызметкерлері әрбір ардагердің денсаулық жағдайына жеке-жеке тоқталып, олардың шағымдарын мұқият тыңдап, кәсіби кеңестерін ұсынды. Үйден медициналық қызмет көрсету, әсіресе, қозғалысы шектеулі және жасы үлкен азаматтар үшін үлкен қолдау екені атап өтілді.
#АМАНАТ











