Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС пакетіне қандай созылмалы аурулар кіреді?

МӘМС пакетіне қандай созылмалы аурулар кіреді?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың бірқатар созылмалы аурулары бойынша бақылау мен емдеу енгізілді.Бұл тізімге келесі ауру түрлері кірді:
- қант диабеті;
- балалардың церебралды сал ауруы;
- дәнекер тіннің жүйелі аурулары;
- ревматизм;
- артериялық гипертония;
- жүректің ишемиялық ауруы және өзге де жүрек аурулары
(жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылыстары);
- төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары;
- Бүйрек аурулары, оның ішінде гломерулярлық аурулар, созылмалы бүйрек ауруы;
- ас қорыту жүйесінің аурулары;
- сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары.

Бұл диагноздары бар адамдарға амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, қымбат дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, барлық қажетті ем түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының
Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша
08 қаңтар 2026 ж. 258 0