Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылауды күшейту мақсатында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

Бақылауды күшейту мақсатында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

Қызылорда ст.ЖПб-не қарасты Арал теңізі ст.ЖПб қызмет атқару аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде
Арал теңізі станциясы аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылауды күшейту мақсатында 2026 жылғы 9-12 қаңтар күндері аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған, алып жүрген және пайдаланылып жүрген атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау және тәркілеу, сондай-ақ қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің оны сақтау және алып жүру талаптарының сақталуын тексереді, сондай-ақ тіркеу мерзімі өткен қаруларды анықтау жұмыстары.
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев
10 қаңтар 2026 ж. 307 0