Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық кеңестер – жастарға

Құқықтық кеңестер – жастарға

“Жастар” бастауыш партия ұйымы құқықтық көмек жобасы аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың заңға деген құрметін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне ықпал ету және құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға еңбек, білім, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша кең көлемді түсіндірмелер берілді. Мамандар жастарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң аясында өз мүддесін қорғау жолдары жөнінде нақты кеңестер ұсынды.
Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, жастар өз ойларын ашық білдіріп, түрлі өмірлік жағдайлар бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
12 қаңтар 2026 ж. 65 0