ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
“AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында “Жастар” бастауыш партия ұйымы тарапынан түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.Рейдтің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін бақылау, құқықтық мәдениетті арттыру және ата-аналардың жауапкершілігін күшейту болды.
Шара барысында жастар ұйымының өкілдері аудан аумағындағы бірнеше демалыс орындары мен көше бойларын аралап, құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.










