Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

"Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Арал ауданында ағымдағы жылдың 17-19 шілде күндері аралығында ауданда «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік іс-шара жұмыстары жүргізілуде.

️Арал ауданы Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекетсіз жүретін жасөспірімдерді анықтау, қылмысқа бейім, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алу.

«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайды.
✔️Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

️Аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Сондықтан құрметті ата-аналар жасөспірім балаларды қадағалап отыруды үнемі естен шығармайық!


18 шілде 2023 ж. 236 0