Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды кездесу

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды кездесу

Аудан көлемінде жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында “Жастар” бастауыш партия ұйымының бастамасымен оқушылар мен жасөспірімдерге арналған тағылымды кездесу өтті. Шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім саласының мамандары, жастар саясаты саласындағы жауапты қызметкерлер қатысып, жас ұрпаққа заң талаптары мен азаматтық жауапкершілік жайында кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының заңнамалары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды. Әсіресе, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықтық мәселелер, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, буллинг пен кибербуллинг, бөтен мүлікке қол сұқпау, қоғамдық тәртіпті сақтау сынды тақырыптар кеңінен қозғалды.
Жиын барысында сала мамандары жастарды өз құқықтарын білуге, заңды сақтауға және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, түрлі өмірлік жағдайлар мысалға алынып, олардың заң аясында қалай шешілетіні түсіндірілді. Бұл жасөспірімдердің құқықтық ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.
#АМАНАТ
13 қаңтар 2026 ж. 9 0