Қазақстанда тағы аяз күшейеді
Қазгидромет 22, 23, 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.35 градусқа дейін аяз
Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қайта аяз күшейеді. Кейбір аудандарда қар жауып, түнгі уақытта ауа температурасы 30-35 градус аязға дейін төмендейді.
Көктайғақ, қар
Ал республиканың оңтүстігіне циклон ықпал етеді, соның әсерінен қар жауады. 22-23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай










