Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің Арал аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы "Халықтың санитариялық -эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес қызмет көрсетеді."Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" және "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша 2025 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында мемлекеттік қызмет алуға 114 өтініш түсіп, оның ішінде 70 өтінішке рұқсат құжаттары беріліп, 44 өтінішке дәлелді бас тартылды. Барлық түскен 114 өтініш электронды түрде Е-лицензиялау бағдарламасы арқылы берілді.
Басқарма бойынша берілген 70 рұқсат құжаттарының 47-і санитариялық-эпидемиологиялық маңызы жоғары объектінің және 23 жобаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы, қорытынды берілді.
Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тартылған 44 өтініштің 44-і санитариялық-эпидемиологиялық маңызы жоғары объектіге берілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу және мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері орын алған жоқ.
"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күні.
"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барлық кіші түрлері бойынша: 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі 121 « А». Байланыс телефоны: тел. (872433) 2-16-44
А. Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы










