Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда

Арал аудандық СЭБ басқармасы жыл басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, басқарма басшысының бұйрығымен бекітілді.Басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау күндері кестесі жасалып, басшы бұйрығымен бекітіліп, сол кестеге сәйкес жеке қабылдаулар жүргізілді.
Басқарманың кіре  берісіне жеке және заңды тұлғалардың  хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі  орнатылған. Басқарманың «Сенім телефоны»  белгіленген. Пошта жәшігі мен сенім телефонына  жауапты мамандар  бекітілген.
2025 жылы «Сенім телефонына» және пошта  жәшігіне  арыз-шағым түскен жоқ.
Жыл басынан бері жергілікті БАҚ-қа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес «Арал әлемі» газетіне басқарма басшысының мақалалары шықты.Аудандық «Толқын» газеті сайтына 2 мақала берілді.
Басқарманың «Фейсбук» «Инстаграм» әлеуметтік желілердегі парақшасына сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау,  алдын-алу мақсатында ақпараттық материалдар жарияланды. Кереғар, басқарманың қызметіне және қызметкерлеріне жағымсыз пікірлер болған жоқ.
Басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттер болған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілері туралы келеңсіз материалдар болған жоқ.
Басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Заңының талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында басқарма мамандары арасында4 құқықтық семинар өткізілді.
Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Т. Сердалиев  басқарма мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының талаптары мен шектеулерді түсіндіріп семинар сабақ өткізді.
2025 жылдың қорытындысымен басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттері және Әдеп кодексін бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.
Басқарманың кіре  берісіне жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі  орнатылған.
Басқарманың  «Сенім телефоны» 8(72433) 2-16-44.
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы

Фото: www.gov.kz
27 қаңтар 2026 ж. 161 0