Сенім телефонына хабарласыңыз!

Емханада ай сайын «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына сәйкес тиісті іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, емхана қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында түсіндірме жұмыстары, профилактикалық шаралар жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыз, шағымның алдын алу мақсатында уақытылы және сапалы қызметтердің көрсетілуі қатаң бақылауға алынған. Сондықтан, жергілікті тұрғындар мекемеде сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер кезіксе, төмендегі сенім телефонына хабарласуын өтінеміз.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 87242 22-58-37
Жадыра УМБЕТБАЕВА,
№5 қалалық емхана заңгері