Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау, алдын-алу мақсатында 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау, алдын-алу мақсатында 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Арал аудандық СЭБ басқармасы жыл басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, басқарма басшысының бұйрығымен бекітілді.
Басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау күндері кестесі жасалып, басшы бұйрығымен бекітіліп, басқарма басшысы сол кестеге сәйкес қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Басқарманың сенім телефоны және «Ашық есік күндерін» өткізу кестесі басқарма басшысының бұйрығымен бекітіліп, ай сайын басқармада  ашық есік күндері өткізілді.
Басқарманың кіре берісіне жеке және заңды тұлғалардың  хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі  орнатылған. Басқарманың «Сенім телефоны»  белгіленген. Пошта жәшігі мен сенім телефонына  жауапты мамандар  бекітілген.  
2024 жылға «Сенім телефонына» және пошта  жәшігіне  арыз-шағым түскен жоқ.
Жыл басынан бері жергілікті БАҚ-қа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Мақсат – жемқорлықты жеңу» атты басқарма басшысының мақалалары шықты. Аудандық «Толқын» газеті сайтына 2 мақала берілді.
Басқарманың «Фейсбук» «Инстаргам» әлеуметтік желілердегі парақшасына сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау,  алдын-алу мақсатында ай сайын ақпараттық материалдар жариялануда. Керіағар, басқарманың қызметіне және қызметкерлеріне жағымсыз пікірлер болған жоқ.
Басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттер болған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілері туралы келеңсіз материалдар болған жоқ.
Басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Заңының талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында басқарма мамандары арасында 5 құқықтық семинар өткізілді.
Басқарма мамандары 2024 жылға №270 нысандағы Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны барлығы толық тапсырды.  Жыл басынан бері заңсыз тексерулер орын алған жоқ.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес аясындағы жұмыстарды күшейту мақсатында  мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік, қызметкерлер (лауазымды тұлғалар) арасында сыбайлас жемқорлық пен өзге де көріністердің алдын алу және оларға жол бермеу шеңберінде басқарма мамандары Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барып, жұмыстарымен танысты.
2024 жылдың қорытындысымен басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттері және Әдеп кодексін бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.
А. Сатекеева,
Басқарма басшысы                                             
06 ақпан 2025 ж. 77 0