Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – басты міндетіміз

Арал аудандық СЭБ басқармасы жыл басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, басқарма басшысының 2025 жылғы 5 қаңтардағы №3-н/қ бұйрығымен бекітілді.
Басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау күндері кестесі жасалып, басшы бұйрығымен бекітіліп, басқарма басшысы сол кестеге сәйкес қабылдаулар жүргізеді. (Бұйрық №1-н/қ 05.01.2025 жыл)
Басқарманың сенім телефоны және «Ашық есік күндерін» өткізу кестесі басқарма басшысының бұйрығымен бекітіліп, ай сайын басқармада ашық есік күндері өткізілуде. (Бұйрық №2-н/қ 05.01.2025 жыл)
Басқарманың кіре берісіне жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған. Басқарманың «Сенім телефоны» белгіленген. Пошта жәшігі мен сенім телефонына жауапты мамандар бекітілген. «Сенім телефонына» және пошта жәшігіне арыз-шағым түскен жоқ.
Жыл басынан бері жергілікті БАҚ-қа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен күреске байланысты атқарылған жұмыстар» атты басқарма басшысының мақалалары шықты. («Арал әлемі» газеті №4 (198) 16-28ақпан 2025 жыл. Аудандық «Толқын» газеті сайтына 1 мақала берілді (https://tolqyn.kz/)
Басқарманың «Фейсбук» «Инстаргам» әлеуметтік желілердегі парақшасына сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында ақпараттық материалдар жарияланды. Керіағар, басқарманың қызметіне және қызметкерлеріне жағымсыз пікірлер болған жоқ.
Басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттер болған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілері туралы келеңсіз материалдар болған жоқ.
Басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Заңының талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында басқарма мамандары арасында1 құқықтық семинар өткізілді. (Бұйрық №35-Н/Қ 03.04.2025).
Басқарма мамандары 2024 жылға №270 нысандағы Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны барлығы толық тапсырды. Жыл басынан бері заңсыз тексерулер орын алған жоқ.
2025 жылдың 5 айындабасқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттері және Әдеп кодексін бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.
А. САТЕКЕЕВА,
басқарма басшысы
Фото: www.gov.kz