Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік органдар өзара пікір алмасты

ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік органдар өзара пікір алмасты

Kyzylorda-news.kz «Достық» үйінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйым төрағалары облыстық басқарма басшыларымен кездесті. Іс-шараға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.М. Каюпов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Қ. Жанұзақов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ә. Ж. Ізімбетов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А.Б. Каюпов, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Н.М. Бердібек және үкіметтік емес ұйым төрағалары мен өкілдері қатысты.
Кездесуге «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден модераторлық етті.
Модератор «27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне» орай өңірде 10 күндік іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтіп, жоспар аясында облыс көлемінде мазмұнды кездесулер, пікір алмасу алаңдары және тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылатынын жеткізді.
Аталған жоспарға сәйкес, алдағы күндері аудандардағы үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өткізіліп, азаматтық сектор өкілдерінің ұсыныс-пікірлері жинақталып, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға басымдық берілетінін мәлімдеді.
Іс-шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Мұхамедәліұлы аймақтағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Кездесу барысында бірқатар ҮЕҰ жетекшілері басқарма басшыларына еркін форматта сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Кездесу аясында ҮЕҰ жетекшілері, ұрыс даласы оқиғаларының ардагерлеріне жергілікті атқарушы орган тарапынан қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүру, тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық шығыстарға жеңілдіктер қарастыру мәселесі көтерілді.
Сондай-ақ, ұрыс даласы оқиғаларының ардагерлері жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында білім беру ұйымдарындағы алағашқы әскери дайындық кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесін қолға алу туралы мәселе көтерді.
10 ақпан 2026 ж. 70 0