Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда және Қостанай облысының ҮЕҰ-ның өкілдері кездесті

Қызылорда және Қостанай облысының ҮЕҰ-ның өкілдері кездесті

Бүгін үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында Қызылорда және Қостанай облысы үкіметтік емес ұйымдарының өңіраралық өзара серіктестігін арттыруға және тәжірибе алмасу мақсатында қос тараптың қатысуымен көшпелі кездесу өтті.
Кездесуге Қостанай облысынан бірқатар азаматтық қоғамның белсенді өкілдері, «Жалын жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Бейсенбек, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының төрағасы Марғұлан Бәкір және «Жастар азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Данияр Қожахметов, сондай-ақ «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Анар Ізденмен бірге, облыстың бірқатар белсенді ҮЕҰ-дың төрағалары, ардагерлер мен облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қостанайдан арнайы келген қонақтар Қызылорда қаласы музейімен, одан әрі ҮЕҰ ресурстық орталығының жұмысымен танысып, ондағы жобаларды бірге талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.
Қостанайлық белсенділер өз жұмыс тәжірибелеріне негізделген жобаларын ортаға салып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Жиын соңында өңірлердегі азаматтық қоғамның өзара байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдары ұсынылды.


Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

08 маусым 2023 ж. 294 0