Қызылордада үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар өтті

Аталған шараға Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов және аймақтағы Үкіметтік емес ұйымдар оффлайн және Zoom платформасы негізінде онлайн байланыс арқылы қатысты.
Лекторлар қатарында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Анар Изден, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының жетекшісі, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ләззат Бақтыбаева, «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов, «Golden Qazagstan» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытбек Кенжебек болды.
Өз кезегінде спикерлер түрлі тақырыптар бойынша өз кеңестерін берді. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу порталы, қоғамдық ұйымның қызметі, конкурстық ережелер, құжаттамалық талаптар тақырыптары қамтылды. Семинар барысында қатысушылар сауалдары мен ұсыныстарын жолдап, жауаптарын алды.
Айта кетейік, «Үкіметтік емес ұйымдар үйі» ресурстық орталығының бұл бағыттағы түрлі іс-шаралары алдағы кезеңде де өз жалғасын табатын болады.
kyzylorda-news.kz