ІХ азаматтық форумның облыстық кезеңі өткізілді

Форумның алғашқы ашылу сөзін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы бастап, “үшінші секторға” мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдаулар, облысқа қарасты аудандар мен қала орталығындағы даму лебі туралы атап өтті. Басқарма басшысы бұл бастаманың болашақта да өз жалғасын тауып, сапалы жұмыс көрсететінін де тілге тиек етті. Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі қолданбалы идеялар мен бастамаларды көтеріп, азаматтық белсенділермен бірлескен жұмыс жоспарын талқылауды мақсат еткен бұл форумда қатысушылар тәжірибе алмасып, түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі