Азаматтық форумның жалғасы Қызылордада өтеді

«Форум қарсаңында орталық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Аталған жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің фейсбук парақшасында тікелей трансляция арқылы ұйымдастырылды. 22 – 24 қараша аралығындағы форумда ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділерден 150 спикер қатысты. Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға арналған «Мониторинг және бағалау» атты оқу құралының тұсаукесері Орталық Азиядағы «Тенгизшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жарық көрді. Жалпы азаматтық форумның қорытындысына келетін болсақ, 10 бағыт бойынша 200-ге жуық ұсынымдар берілді», – деді Анар Жарылқасынқызы.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда өңірімізде «Жастар ресурстық орталығында» аймақтық форум ұйымдастырылады. Онда 7 номинация бойынша марапат табысталады.