Ардагерлерге медициналық кеңестер берілді
“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында “Аудандық Диагностика” бастауыш партия ұйымының мүшелері қаладағы бірқатар ардагердің шаңырағына арнайы барып, медициналық кеңестер беріп, денсаулық жағдайларымен танысты.Іс-шараның басты мақсаты – қарттарға құрмет көрсету ғана емес, олардың денсаулығын бақылауда ұстап, дер кезінде профилактикалық көмек көрсету. Үй жағдайында өткізілген қабылдау барысында медицина қызметкерлері ардагерлердің қан қысымын өлшеп, жалпы тексеріс жүргізді, дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдау тәртібін түсіндіріп, созылмалы аурулардың алдын алу жолдарын айтып өтті. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, күн тәртібі, физикалық белсенділік пен маусымдық аурулардан сақтану бойынша жан-жақты ұсыныстар берілді.
#АМАНАТ











