Ардагерлерге медициналық кеңестер берілді
“Ардагерлерді Ардақтайық” партиялық жобасы аясында Аудандық диагностика бастауыш партия ұйымының мүшелері ардагерлердің үйлеріне барып, медициналық кеңестер берді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қарттардың денсаулығын нығайтуға ықпал етіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету.Шара барысында медицина саласының мамандары ардагерлердің жалпы денсаулық жағдайымен танысып, қан қысымын өлшеп, күнделікті өмірде сақталуы тиіс денсаулыққа қатысты қарапайым әрі пайдалы кеңестер ұсынды. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау және созылмалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#АМАНАТ










