Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биолог қыста ең пайдалы жемістерді атады

Биолог қыста ең пайдалы жемістерді атады

Қыста әдетті С дәрумені жиі тапшы, ал мандарин, апельсин, грейпфрут, помело сияқты цитрус жемістері бұл дәруменге бай. Бұл туралы "Лента.ру" басылымына биолог Виталий Наполов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, цитрус жемістері құрамындағы С дәрумені арқылы ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғауға көмектеседі. Сонымен қатар, қыстың аяғына қарай құрма жеу де пайдалы. Ол С және А дәрумендеріне, В тобы дәрумендеріне, сондай-а, калий мен магний секілді минералдарға бай. Биологтың айтуынша, бұл заттар иммунитетті күшейтіп қана қоймай, жүрек, қан тамырлары және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады.

"Қыс - анардың маусымы. Анар - С, Р, В6, В12 дәрумендерінің көзі. Ол иммунитетті, жүрек пен қан тамырларын нығайтады, құрамында күшті антиоксиданттар бар. Анарды және оның шырынын тұрақты тұтыну гемоглобинді көтеруге, қан қысымын төмендетуге, ас қорыту мен зат алмасуды жақсартуға көмектеседі. Анар калийге, магнийге және жасұныққа бай, қаназдық кезінде және суық тиюдің алдын алу үшін пайдалы", - деді Наполов.

Бұдан бөлек, сарапшы қыста сақталатын алма сорттарын жеуге кеңес берді. Оның айтуынша, алма - С дәруменінің, В тобы, А, Е, К дәрумендерінің, сондай-ақ, жасұнықтың, калийдің және антиоксиданттардың көзі. Олар иммунитетті, жүрек пен жүйке жүйесін нығайтады. Алма ас қорытуды қалыпқа келтіріп, холестеринді азайтады, калориясы төмен болғандықтан арықтауға көмектеседі және ағзаны тазартуға ықпал етеді.

"Банан құрамында жасұнық пен пектин бар, ол ас қорытуға пайдалы. Сондай-ақ банан - калий, магний және В6 дәруменінің көзі. В6 "қуаныш гормоны" саналатын серотониннің түзілуіне қатысады. Қыста бұл шаршау, ұйқысыздық және жүйкелік ширығумен күресуге көмектеседі. Бірақ бананның калориясы жоғары", - деп кеңес берді маман.
Фото: depositphotos.com
22 ақпан 2026 ж. 183 0