Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкерлерімен ашық диалог ұйымдастырылды

Медицина қызметкерлерімен ашық диалог ұйымдастырылды

Арал ауданында аумақтық коалиция өкілдері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасы жөнінде пікір алмасты. Басқосуда құжаттың қоғам дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және әлеуметтік саланың болашағы сөз болды.

Кездесуге коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов және коалиция мүшелері Арғынбай Асанбаев, Айтуған Сауяев, Лаура Ибраимова қатысты.

Кездесу барысында жаңа Ата Заң жобасының басты ерекшелігі – адам құқығы мен оның қауіпсіздігіне басымдық беру екені атап өтілді. Сондай-ақ заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Медицина саласының мамандары халық денсаулығын сақтау мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі екенін айтып, Конституцияда әлеуметтік кепілдіктердің нақты әрі түсінікті көрініс табуы маңызды екенін жеткізді. Олар реформалардың табысты жүзеге асуы қоғам мен мемлекет арасындағы сенімге тікелей байланысты екенін атап өтті.
#АМАНАТ
25 ақпан 2026 ж. 162 0