АТА ЗАҢ ЖОБАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен онда көзделген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Әсіресе адам құқықтарын қорғау, еңбек саласындағы кепілдіктер, әлеуметтік қолдау тетіктері және заң үстемдігін нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов өз сөзінде Конституция жобасы қоғамдық талқылаулар нәтижесінде әзірленгенін атап өтті. «Бұл құжатта түрлі сала өкілдерінің, соның ішінде еңбек адамдарының ұсыныстары ескерілді. Энергетика саласы – ел экономикасының маңызды бөлігі. Сондықтан сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз да маңызды», – деді ол.
Кездесу барысында сала қызметкерлері өз ойларын білдіріп, бірқатар сұрақтар қойды. Ұйымдастырушылар олардың сауалдарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.








