Әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Арал аудандық сотында мерекелік құттықтау ұйымдастырылды. Жылына бір рет келетін, көңілге қуаныш сыйлайтын бұл мереке қарсаңында ұжымдағы ер азаматтар дәстүр бойынша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.Сот төрағасы Р.Алдамбергенов ұжымдағы азаматшаларды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік пен береке, қызметтеріне табыс, баянды бақыт пен әсемдік тіледі.
Ер азаматтар әріптестеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Арал аудандық соты.










