Мерекелік құттықтау

Нәзік жандыларды мерекемен құттықтаған қала әкімі: -«Сіздерді жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде ауданымыздың тыныс-тіршілігіне белсене араласып, ел әлеуетін еселеу жолында отбасы мен қоғам жүгін қатар көтеріп жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!»- деп жүрекжарды лебізін білдірді.
