Аудан әкімінің құттықтауы

Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымымен талғамын аямаған әйелдер аз емес.
Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды ер-азаматтармен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгінде ел мақтанышы.
Қымбатты аналар, аяулы асыл жандар! Табиғат-ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар. Осы мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі

Мұхтар Оразбаев