Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамға қызмет еткен қаламгер

Қоғамға қызмет еткен қаламгер

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында белгілі журналист, «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Айнұр Нұрланқызы Тұңғышбаева Ақорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жоғары мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Бұл жоғары марапат Айнұр Нұрланқызының ақпарат саласындағы ұзақ жылдар бойғы адал еңбегін, кәсіби шеберлігін және қоғамға қосқан үлесінің жоғары бағалануы деп білеміз.

Әрбір бастамасы, әрбір іс-қимылы тек журналистиканың кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік өмірінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Әріптесіміздің кәсібилігі мен парасаты, жауапкершілік пен бастамашылдығы әріптестеріне үлгі болып, кәсіби қоғамдастықта зор абыройға ие.

Айнұр Нұрланқызын марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне жеміс тілейміз.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

08 наурыз 2026 ж. 61 0