Вьетнамда пойыз трактормен соқтығысты
Трактор теміржолға қолдан жасалған өткел арқылы шығып кеткен. Соқтығыс салдарынан тракторда болған 10 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.Кейін белгілі болғандай, тракторды 62 жастағы ер адам басқарған. Ол екі немересімен бірге өткелден өтпек болған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, оқиға куәгерлері жақындап келе жатқан пойыз туралы ескертуге тырысқан, бірақ жүргізуші олардың айқайын естімеген. Пойыздың шұғыл тежелуі де көмектеспеген.
10 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Оның атасы мен 7 жастағы қарындасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Фото: kaz.zakon.kz










