Отбасылық жұп әуе шарымен саяхаттау кезінде тірідей өртеніп кетті

Бір кезде әуе шарының кәрзіңкесі өртене бастаған. Портал мәліметінше, өртке оранған адамдар кәрзіңкеден секіріп кеткен. 50 жастағы ер мен 38 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты, ал олардың қызын II және III деңгейдегі күйік шалған. Құлаған кезде қолын сындырып алған, алайда тірі қалды. Қыз бала ауруханаға жеткізілді.