Түркиялық танымал кәсіпкер әйел круиз кезінде қаза тапты

Оқиға 26 қазанда болған, алайда ол тек қазір белгілі болып отыр, өйткені осы күнге дейін 63 жастағы туристің денесі іздестірілген. Құқық қорғау органдары осы іске күдікті ретінде оның ұлын қарастырған.
Түркиялық БАҚ мәліметінше, қауіпсіздік қызметіне анасының өлімі жайлы баласы хабарлаған. Бейнебақылау камераларын тексеру кезінде полиция әйелдің балконнан құлаған сәтін анықтаған, алайда оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Түркиялық әйелдің туыстары марқұмның ішімдік ішпейтінін және балконнан құлап кету үшін ол өзі сүйенішке шығуы керек болғанын айтады. Олардың айтуынша, оның мұндай қадамға баруы мүмкін емес.
Екі аптадан аса іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, алайда нәтиже жоқ. Таитиге анасымен бірге саяхаттаған ұлы круиз компаниясын сотқа бергені белгілі болды.