Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұзақ жылдар білім саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан, бүгінде аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Санира Нұрқожақызы Жанназарова аймақ төрінде өткен мерекелік шарада мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – білім беру саласындағы табанды еңбектің, кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктің, шәкірт тәрбиесіндегі адал қызметтің лайықты бағасы. Санира Нұрқожақызының жетекшілігімен ауданымыздың білім саласы жүйелі дамып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.
Адал еңбек пен жоғары ұйымдастырушылық қабілеттің арқасында ұстаздар қауымы мен оқушылар талай белесті бағындырып, аудан абыройын асқақтатып жүр.

Санира Нұрқожақызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасы амандығын, жауапты қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Еңбегіңіз елене берсін!
"Толқын" ақпарат
08 наурыз 2026 ж. 52 0