Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерен еңбектің лайықты бағасы

Ерен еңбектің лайықты бағасы

Қоғамның асыл байлығы – білім. Ал сол білімнің шамын жағып, сан ұрпақтың жүрегіне шырақ болған жандардың еңбегі әрдайым ерекше құрметке лайық. Ұстаз жолы – ұрпаққа бағыт берген тағдырлы миссия. Осындай абыройлы жолды адал атқарып келе жатқан жандардың еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінуі – баршаға ортақ қуаныш.
Осынау шырайлы мерекеде ауданға білім саласындағы көп жылдық тәжірибесімен, ұлағатты ұстаздық жолымен танылған Санира Жанназарованың жетістігі – лайықты марапат. Ол оның талай жылғы тынымсыз еңбегінің, шәкірт тәрбиелеудегі табандылығы мен кәсіби шеберлігінің жемісі.
Санира Жанназарова – қасиетті қара шаңырақ №220 орта мектептің 1990 жылғы түлегі. Ол мектеп қабырғасында жүрген кезінің өзінде-ақ білімге деген ерекше ынтасымен көзге түсіп, 8-сыныпта республикалық пәндік олимпиадада топ жарып, үздік шәкірт ретінде танылған болатын. Сол жылдардағы білімге деген құштарлық кейін ұстаздық жолға бастау болып, бүгінде ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан абыройлы еңбекке ұласты.
Ұстаздық – жүрек қалауын, сабыр мен парасатты талап ететін ұлы қызмет. Осы биік жолда табандылық танытып, білім беру саласының дамуына, Сыр өңірі мен Арал ауданының болашағына үлес қосып жүрген нәзік жандының «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленуі – оның кәсіби жолына берілген әділ баға деп білеміз.
Сізді жетістігіңізбен құттықтай отырып, ұстаздық жолдағы еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін демекпіз. Жүзіңізден нұр, көңіліңізден көктем кетпей, шәкірттеріңізбен бірге талай биік белестерді бағындыра беріңіз!
"Толқын" ақпарат
06 наурыз 2026 ж. 291 0